Шалқарда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аясында жәрмеңке, аламан бәйге өтті. Аудан шаруалары төмендетілген бағамен ет, сүт, ауыл өнімдерін ұсынды. Мерекеге орай еңбек иелеріне арнап концерттік бағдарлама да қойылды.
Жиынды аудан әкімі Жанболат Жидеханов ашып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы еңбек иелерінің тынымсыз жұмысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.