Төтенше жағдайлар қызметі қысқа дайындалып жатыр. Техника мен тайғаққа қарсы материал қорын да жинақтайды. Өңірдегі жолдарда 169 жылыту пункті болады.
Сыйымдылығы - 11 мың адам. Сондай-ақ қар басу қаупі жоғары жол бөліктерінде жағалай қалқан орнатылды. 6 стационарлық және 8 жылжымалы шлагбаум, 3 трассалық медициналық-құтқару пункт дайындалды.