Шалқар ауданында құтқарушылар марапатталды. Аудан әкімі Жанболат Жидеханов алғыс хат табыстап, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне жоғары баға берді. "Биыл көктемде Шалқар көлінің су деңгейі көтерілген кезде және қала көшелеріндегі су басу қаупін жою ісінде сіздердің еңбектеріңіз айрықша көрінді.
Бұл – халық алдындағы адал борышты абыроймен атқарудың үлгісі», – деді аудан әкімі өз сөзінде. Сондай-ақ Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округі өрт сөндірушілер арасында футболдан аудандық жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеке серіктестіктің өрт сөндіру бөлімі иеленді. Шалқар ауылдық округінің командасы екінші орын алды. Едіге Дауренбеков үздік ойыншы атанса, Бекет Баянас үздік қақпашы болды.
Ал Шетырғыз, Кішіқұм және Мөңке би ауылдық округтерінің өрт сөндірушілері белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Бұл спорттық шара өрт сөндіру қызметі мамандарының кәсіби ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.