Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Байғанин ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс қаралды. Нақтырақ айтсақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларынан жауап алынды. Бөлім басшысы Төлеген Молдабеков пен оның орынбасары мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын бұзды. Қызметкерлер жұмыс уақытын демалыс аймағында өткізді деп көрсетілген. Кеңес мүшелері тәртіптік істерді қарап, тиісті шешім шығарды. Сонымен қатар, жиын барысында заң бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты бірқатар мәселе қаралды.