Биыл Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына -165 жыл. Осыған орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап кітапханада "Жыр тарланы" атты жыр кеші өтті. «Нұрпейіс Байғанин қазақтың сонау ғасырлардағы мәдениеті, тарихы, ауыз әдебиетін бүгінгі күнге таза қалпында жеткізуші ақындардың бірі»,-дейді филология ғылымдарының докторы Жұманазар Асан. Ғалымның айтуынша, ақынның бай мұрасы жақсы зерттелгенімен, бірде-бір ғылыми еңбекке арқау болмаған. Сонымен қатар, соңғы баспадағы мектеп оқулықтарынан оның шығармалы алынып тасталған.