Қыстың күні аялдамада бүрсең қағып, сағаттап автобус күтетін

құрашасайлықтарды қала мен ауыл арасындағы қоғамдық көлік қатынасы қызметінің нашарлығы алаңдатып отыр. Оның үстіне тұрғын алаптың бірқатар көшелеріне сапалы жол қажет. Ал ол үшін Астана ауданының әкімдігі қандай шараларды қолға алмақ? Бұл туралы бүгін Баянбек Қырықбаев кездесуінде айтты.