Жасыратыны жоқ, бүгінде аймақта дені сау балалармен қатар, аутист балалар да өсіп келеді. Әрі мұндай дертке шалдыққан ерекше балаларды емдеу аса ыждағаттылық пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан бұл іске екенің бірі беттей алмайды. Дегенмен, өңірде тумысынан нақ осы дертке шалдыққан бүлдіршіндердің сауығып кетуіне үлес қосып жүрген жомарт жүректі жандар бар. Солардың бірі - Урхия Камирова. Кәсіпкер өзінің іскерлік қабілетімен, аутизмнің емі жоқ деу, адамзат санасындағы жансақ пікір екенін дәлелдегісі келеді