Қалада жазушылар форумы өтті. Онда ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары талқыланып, 16 ғылыми кітаптың тұсаукесері болды. Ресей мемлекеті мен еліміздің 4 аймағынан келген ғалым, зерттеуші тарихшылар және өңірлік зиялы қауым өкілдері жаңа басылымдардың мазмұнын саралап, саяси маңызына тоқталды.