Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерді қолдауда Ақтөбе облысы үздіктер қатарында. Іскерлік әлеміне бет бұрған әр жанға тиімді жағдай жасап, қолайлы орта құруда аймақ ---- өзге өңірлерге үлгі.

Бүгінде 90 мыңға жуық шағын кәсіпкерлік нысандары облыс экономикасына өз үлесін қосып тұр.

Онда 173 мыңдай адам қызмет етеді. Кәсіпкерлік басқармасы жылды оң көрсеткіштермен қорытындылады.