Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын облыс әкімі Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет әуежайдан күтіп алды. Ақорданың хабарлауынша, Президент өңірдегі бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап көреді.

Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.