Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағына арнайы экономикалық аймақ салу жұмысы басталды. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін жоба. Қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өскен. Сөйтіп айналым қаржысы миллиард доллардан асты.