Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері енді көшелерді жаңылмай табады. Бұған дейін Алтын орда және Тұрғындар қалашығына көше белгілері орнатылса, енді 11,12 мөлтек ауданындағы үйлердің маңдайшасына аншлагтар ілініп, көшелердің қиылысына атаулары жазылып, бекітілді.