Облыста осы жылға жоспарланған жол салу, жол жөндеу жұмыстарының жартысы ғана орындалды. Биыл автожол жобаларына облыстық бюджеттен 69,5 миллиард теңге бөлінген. Оның тоғыз айда 34,2 миллиарды ғана игерілді. Жұмыс баяу. Аймақ басшысы мердігерлермен жиын өткізді.