Ырғызда газ шаруашылығы мекемесі су жаңа әкімшілік ғимаратқа көшті. Мекеме бұған дейін жалдамалы орындарда жұмыс істеп келген. Шалғайдағы ауданға арнайы келген "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамының өкілі ашылу салтанатына қатысып, ырғыздықтарды құттықтады. Тақырыпты ауданға іс-сапармен барып келген әріптесім Эльмира Көшекбай жалғастырады.