Сондай-ақ Президент жолдауының мазмұны терең, мәні бөлек дейді аймақ ұстаздары. Бұл жолы да Мемлекет басшысы қоғамдағы өзекті, өткір тақырыптарды қаузап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалатын ілкімді істерді тізіп шықты. Білікті кадрлар даярлау мәселесіне баса мән беріп, білім беру саласының ашық болуы қажеттігін айтты.