Үшем дүниеге келді. Бұл облыстық перинаталды орталықта туған алтыншы үшем. Жүктіліктің 35-ші аптасында жарық дүние есігін ашқан сәбилердің үшеуі де ұл бала. Бұған дейін төрт перзенті болған жас отбасы енді жеті баланың ата-анасы атанды. Әріптесім Райгүл Еншібай сәбилердің перзентханадан шығу сәтіне қатысып, отбасының қуанышын бөлісіп келді.