Жыл басынан бері өңірде 12 мың шет ел азаматының жүргені анықталған. Оның 6 мыңы жұмыс бабымен, отбасымен кездесуге, оқу және бизнес себебімен келгені тіркелді. 5 мың шетелдіктің елімізде тұрақты тұруға рұқсаты бар. Алайда, заң бұзғандар да жетерлік. Биылдыққа көші-қон заңын бұзғаны үшін 900 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оның 300-і ел аумағынан шығарылды.