Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу аясында мониторинг жүргізілуде. Яғни, бірқатар сала мамандары бірігіп, аталмыш санатқа кіретін 19 тауардың бағасын қатаң бақылауға алған. Үздіксіз жұмыстар нәтижесінде тиісті талапты сақтамаған кәсіпкерлерге заң аясында жаза қолданылды. Араларында пайдасын асырмақ болған делдалдар да бар.