Қалада "Автобус" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері бір апта бойы қоғамдық көлік жүргізушілерін жіті бақылауда ұстайды. Әсіресе көлік құралының техникалық жай-күйіне және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарға назар аударылады. Алғашқы күннің өзінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 70 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.