Облыс әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында қос тарап халықтың, оның ішінде өңір жастарының өмір сүру сапасын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Қазіргі таңда қор 120-дан астам әлеуметтік-қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға 85 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Ал Ақтөбеде 5 модульдік пункт ашуды жоспарлап отыр.