Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы ату шеберлері оқу-жаттығу жиыны өткізді. Бұл дайындықтың үшінші кезеңі. Алдағы уақытта тағы бір кезең бар. 


Еске салсақ, Жамбы ату республикалық федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамында бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу мен бірнеше федерация бар. 


Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады