«Республика» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров Ақтөбе облысына келді. Іс сапар аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасында шағын бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Отырыста жаңа Салық кодексінің жобасы, оның ішінде салық жүктемесін азайту мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлері жайылым мен шабындық жерлер, ауыл шаруашылығына қажетті техникалар сатып алуға субсидия беру, су тасқынының салдары мен мал шаруашылығындағы шығынның орнын толтыру мәселелерін көтерді.