Адал бәсекелестік алға жетелейді. Бүгін — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні. Еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы 1991 жылы 7 маусымда құрылды. Бұл органның басты мақсаты - Қазақстанның тиімді бәсекелестік саясатын іске асыру. Өңірдегі монополияға қарсы департамент қызметкерлері былтыр сұйытылған газ сататын жергілікті ірі компанияға қатысты қарама-қайшы әрекетті әшкерелеген.