Өңірдегі БАҚ саласының қызметкерлері мен блогерлер, баспасөз хатшылары үш күн бойы біліктілігін арттырады. Олар алғашқы күні "Интернет-журналистика: мәселелер мен оның шешімі" тақырыбын талқыласа, кейін сұранысқа ие мультимедиа жобасын құру жолын үйренді.
Тренинг кезінде медиа саласының үздіктерімен қатар заңгерлер де дәріс бермек. Олар журналистер мен блогерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қазіргі заңдарды түсіндіреді.
Сонымен бірге мамандар әлеуметтік желі парақшасын жүргізу, олардың қаралымын арттыру тақырыбын талқыға салады.