Су тасқыны кезінде дер кезінде көмек алып, үйлері аман қалған бау-бақша ұжымының тұрғындары алғыс айтты. Тұрғынның айтуынша, олар күн жылына үрейленіп отырады. Ал, биыл су тасқыны кезінде оларға әкімдік техникаларды уақытылы жіберіп, құтқарушылар жедел әрекет еткен. Нәтижесінде ешқандай шығын келтірілмеген.