Бүгінге дейін Ақтөбе облысында 490 өрт оқиғасы тіркелді. Онда 10 адам көз жұмып, 12 адам түрлі жарақат алды. Өрттердің негізгі себептерінің бірі – тұрғындардың күнделікті өмірде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Қызыл жалынның орын алуы 85 пайыз жағдайда адамның кінәсінен болады. Қалада 14 жатақхана бар. Алайда, оларды жыл сайын тексеруге мүмкіндік жоқ. Өйткені нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалпы ауданы мың шаршы метрге дейінгі жатақханалар мен қонақ үйлер, жатақханалар мен кемпингтер жыл сайынғы мемлекеттік бақылауға жатпайды.