"Қатыгездік жоқ өмірді қалай құруға болады?". Осындай атаумен қаладағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының бірінде жиын өтті. Онда орталықты паналаған жандардың жазған эссесі мен салған суреттеріне аймақ қоғам белсенділері мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография саясаты жөніндегі комиссия мүшелері баға берді.


Осылайша, жеке тұлғаның жан дүниесіне бойлап, ішкі арпалысын түйсінуге тырысқандардың жұмысын тілші айтып берсін.