АГРАЛЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 60 ЖЫЛ
Ойыл аграрлық колледжіне биыл 60 жыл. Оқу орны осы уақыт аралығында мыңдаған ауыл шаруашылығы мамандарын әзірледі. Жыл санап, білім сапасы да артып келеді. Бұған соңғы үлгіде жабдықталған материалдық-техникалық базасы дәлел. Ал, ойылдық оқушыларға аттестатпен бірге колледж дипломын алып шығуға мүмкіндік бар.