Қала тұрғындарын әбігерге салған қоқыс полигонының мәселесі өзекті бола түсті. Үш тәуліктен бері бықсып, көшені түтін басты. Енді барлық аумағына құм себілмек. Оның қалыңдығы 60 см болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айдос Хамиев облыс бсшысына айтты. Мұндағы қалдықтың тереңдігі 15, кей жерлерде 20 метрге жеткен. Яғни, ашық жалыннан гөрі, бықсуы көп. Шешімі ескіні түгел жауып, жаңасын салу. Бұл жұмыс басталып та кеткен.