Биыл 168 адам өз-өзіне қол жұмсап, оның 47-і мерт болды. Облыс прокурорларының айтуынша, күніне орта есеппен 2 суицид дерегі тіркеледі. Қоғам дерті көбіне айтылмайды. Бірақ көпқабатты үйден секіргенде ерекше резонанс тудырады. Сәуір айында 3 әйел дәл осылай өмірмен қоштасты. Прокуратура қайғылы жағдайды болдырмау үшін шара қабылдауды тапсырды