Негізгі Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 Мұғалжар ауданының әкімі болып Дархан Ермағанбетов тағайындалды.


Ол бұған дейін Әйтеке би ауданын басқарды. Өңір басшысы оны аудан активіне таныстырып, жаңа әкімге әлеуметтік-экономикалық даму және халықты жұмыспен қамту бағытындағы міндеттерді сапалы орындауды тапсырды. Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бар күшін салатынын жеткізді. Дархан Жанысханұлы үш жоғары оқу орнын бітірген. 2008 – 2014 жылдары аралығында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастап, түрлі салада қызмет атқарды.



Ал 2014 – 2020 жылдары аралығында облыстық индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарында еңбек етті.


Бөлісу