Наурыздың 20-сы “Бата күні” ақсақалдар бата беріп жарысты. Жыл сайын Ұлыс мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын рухани шараға қала және аудандардан келген батагөй қариялар қатысты. Жарыстың облыстық кезеңінде қатысушылар ұмыт қалған көне баталар мен авторлық баталарын берді.