"Темір-Нарком" атанған Темірбек Жүргеновтің есімі қазақ үшін ерекше. Биыл дара тұлғаның туғанына 125 жыл. Өз кезінде қоғам қайраткері Қазақстан мен Орта Азиядағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.


Еңбегін ел ұмытпасын деп мерейтой аясында Алаш азаматының есімі ардақталды. Жоғарғы оқу орындарында ғылыми конференциялар, танымдық кештер өтті. Белгілі тарихшы, өлкетанушылар қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі орнын атап, мемлекет қайраткері туралы естеліктермен бөлісті.