Ақтөбелік өрт бақылау басқармасы республика бойынша ең үздік атанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқауға бұл жолы әр өңірдегі департаменттердің 20 басқармасы қатысты.


Төтеншеліктер бір жыл бойы атқарылған жұмыстарын, қол жеткізген жетістіктерін көрсетті. Мәселен өткен жылы Ақтөбеде жүйелі жұмыстар нәтижесінде өрт 7 пайызға төмендеген. Ал, өрт кезінде зардап шеккен адамдар саны 33 пайызға қысқарды. 570 нысан қауіпсіздік құралдарымен қамтылып, ережені бұзған төрт мыңнан астам бұзушылық жойылды.


Дәл осы көрсеткіштер республика бойынша жоғары деп танылып, ақтөбелік басқарма Төтенше жағдайлар министрі қолынан марапат алды.