Дәл осындай тұрмыстық техника және электроника дүкені Қандыағаш қаласында да ашылды. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына келмей-ақ қажетті заттарды тиімді бағамен жергілікті жерде сатып ала алады. Жаңа дүкеннің ашылуына халық көп жиналды. Оларды жеңілдіктер мен алғашқы сатып алушыларға берілген сыйлықтар қызықтырды. Әріптесім Ерлан Мұқан жалғастырады. Мұнда тұрғындар көптеп жиналуда. Сырттай қарасаң эстрада жұлдызы келгендей. Алайда мұндағы жұрт ауданда алғаш ашылған "SULPAK" дүкенінің ашылу салтанатын күтіп тұр. сауда орталығының ашылуына санаулы секундтар қалды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған сауда орталығы аудан тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Ән мен биге еліткен тұрғындар жаңа дүкендегі тауарлар топтамасын көруге асықты. Салтанатты рәсімнен соң мұғалжарлықтар дүкенді аралап шықты. Сауда орталығының іші кең әрі жайлы. Дәстүрлі ақ - қызыл рең келушілерге ерекеше әсер қалдырды. Екі қабатты дүкенде отбасына қажетті барлық тұрмыстық бұйымдар бар. Олардың ішінде теледидар, ұялы телефонға сұраныс жоғары. Компьютертің түрі көп. Ас үй үшін газ плитасының сатып алуға болады.
ЖАСҰЛАН ЗАИТОВ
"SULPAK" КОМПАНИЯСЫНЫҢ СУПЕРВАЙЗЕРІ
Ашылу салтанатына орай бізде барлық тауарларға 30 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер арқылы бөліп төлеуге немесе несиеге алуға болады. Біз таңғы сағат 10- нан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейміз. Мұнда "бір терезе" қағидасы бойынша тұтынушыларға 35 маман қызмет көрсетеді.
"Сулпак" компаниясы 1994 жылы құрылған. Сауда желісінің қазір Қазақстан мен Қырғызстан Республиукасында 134 нүктесі бар. Ширек ғасыр бойы тұтынушыларын сапалы тауарлармен қамтып келеді. Электр бұйымдарын сатып алған соң оны тексеріп алуға болады. Дүкендегі жеңілдіктер желтоқсанның 13-і мен 17-сі аралығанда жүреді. Сауда орталығы Қандыағаш қаласы Тәуелсіздік көшесін 16 б мекенжайында орналасқан. Егер қолма-қол ақшаңыз болмаса екініш деңгейлі банктер арқылы бөліп төлеуге және несиеге рәсімдеуге болады.
Ерлан Мұқан