Жолда жүргенде жылдымдықты асырмаңыз. Ереже бұзсаңыз, айыппұл арқалайсыз. Себебі, қалада жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейе түсті. Олай деуге басты себеп: қоғамдық және жедел жәрдем көліктеріне арнайы бейнекамералар орнатылды. Енді нақ осы көліктердегі бейнекамералар қозғалысты қалт жібермей түсіріп, деректі бірден орталық базаға жүктеп отырады. Бұзушылықтар тіркелсе, полиция әп сәтте тауып, заң аясында жазаға тартады. Айта кетейік, бейнекамералар алдағы аптадан бастап іске қосылады.