Жаңа жылдан бастап жәрдемақы мөлшері артып, зейнетақы көлемі көбейеді. Көп балалы отбасыларға берілетін барлық төлем 6,5%-ға өседі. Еңбек өтілі мен жас ерекшелігіне қарай зейнеткерлер ақысы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%-ға артады. Бұдан бөлек, ауыр жұмыс істейтін қызметкерлер де әлеуметтік көмекті көбейген көлемде алады. Бұл санатқа 1000-ға жуық адам кіреді. Бүгінгі күні облыста 311 мыңдай төлем алушы болса, оның 104 мыңнан астамы зейнет жасында.