"Құйрықботқа", "Қарын бүрме", "Өкпесүт". Бұл - қазақтың аса бай ас мәзіріндегі ұлттық тағам түрлері. Бүгін облыс орталығында "Береке" ұлттық тағамдарға арналған гастрономиялық фестиваль өтті. Кәсіпкерлер кәнігі төл өнімдерді қайта жаңғыртып, таңсық тамақтардың тарихын таныстырды. Құрамы таза, сапасы жоғары, бастысы табиғи өнімдер таныстырылған көрмеге әріптесім Райгүл Еншібай да қатысып келді.