Құрылысы бір емес, бірнеше жылға созылған әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары біртіндеп қолданысқа беріліп жатыр. Жыл басында 12 коммерциялық нысан тіркелсе, бүгінде оның бесеуі іске қосылған. Арасында балабақша, тұрғын үй бар.
Бұл туралы әкімдікте өткен жиында айтылды. Сонымен бірге құрылыс компаниялары қала тазалығына әлі де салғырт қарап отыр.