Жаңа жылдан бастап елімізде жетім балаларды қамқорлығына алатын кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі. Енді ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер балалар үйінде емес, толыққанды отбасында тәрбиеленеді. Алайда оның өзіндік шарттары бар. Бүгін Ұлттық бала асырап алу агенттігінің өкілдері жобаның маңызын жан-жақты түсіндірді.