Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шалқар ауданында жүгіру марафоны өткізілді. Шараны аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. 


"Біз нашақорлыққа қарсымыз" атты марафонға жастар белсенді қатысты. Олар қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтті. Кейін орталық саябақта жалғасып, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.