Су тасқыны кезінде қырылған мал өлекселерін өртеу үшін инсинератор пеші қолданылды. Қажетті техника Астанадан жеткізілді. Өртеу, жою жұмыстарын республикалық эпизоотияға қарсы отряд мамандары жүзеге асырып жатыр. Ауданға барып келген әріптесіміз Нұрболат Қуантайұлы ветеринариялық тазалау жұмыстары барысын айтып береді.