Темірбек Жүргеновтің 125 жылғына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында концерт өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі туралы сыр шерткен өлкетанушы оның ел мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесін тағы бір мәрте еске салды.
Әсіресе өнер адамдарының білім алып, танылуына септігін тигізген ұлт зиялысының өнегелі істері көпке үлгі.
Концерт кезінде Ғазиза Жұбанов атындағы облыстық филармония өнерпаздары бірнеше шығарма орындады.