Мамандығымен мақтанатын мамандар. Ақтөбедегі Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей интернатының мұғалімдері Ләззат Паңгереева мен Күнсұлу Шүкірованы нағыз еңбек адамдары деуге болады. Екеуі де 30 жылдан астам білім беру саласында еңбек етіп, озық ойлы оқушы дайындап келеді. Ондаған шәкірттері республикалық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз атанған.