Облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Бабадан қалған аманат" атты жылжымалы көрме ашылды. Сондай-ақ бірқатар ғалымның қатысуымен өңірдің мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге бағытталған дөңгелек үстел өтті. Алдағы уақытта ғұн дәуірі тереңірек зерттелмек. Ол үшін отандық ғалымдардан бөлек, шетел зерттеушілері де тартылады.