Ақтөбеде алтыншы халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды. Жан-жақтан жиналған 14 театрдың әртістері алғашқы күннен-ақ көрерменді баурап алды. Екі жылда бір өтетін өнер мерекесін тамашалауға келген халықтың қатары көп. Арнамыздың түсірілім тобы да көңілді кештің куәсі болды.