Ювеналды полиция қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясын өткізді. Жас ақтөбеліктерге арнайы жазуы бар жейделер таратылды. Кәмелетке толмаған балалар үшін аталған тақырыпта маңызды ақпараттар беріліп, салауатты өмір салтын ұстану керектігі сөз болды. Әрі шылым шегу мен алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны туралы айтылып, жас буынды жат әдеттен аулақ болуға шақырды