Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізушіге 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі айдың ішінде 308 рет жылдамдықты асырған жас жігітті ұстады. Шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы қала тұрғыны облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет рұқсат етілген жылдамдықтан асып түскен. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.