Аймақ жастары «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясына белсенді қатысып келеді. Айталық, өткен сенбіде «Жасыл ел» еңбек жасағы мен қалалық Жастар ресурстық орталық жастары күш біріктіріп, Қарғалы өзенінің жағасында ауқымды сенбілік өткізді.
Қала тұрғындары тұтынған қоқыс қалдықтарын нақ осы аумақтың жағалауына көп тастайтын болғандықтан, табиғат жанашырлары тазалық бағытын да осы тұстан бастады.
Үздіксіз жүргізілген жұмыстар нәтижесінде олар небәрі 1 күн ішінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналып, қала сыртындағы полигонға тасылды.