"Таза Қазақстан" республикалық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Экологиялық бастаманы "Amanat" партиясы да қолдады. Енді партия мүшелері мен қызметкерлері әр бейсенбі сайын сенбілікке шығады. Алғашқы сенбілік бүгін қаладағы Триатлон паркінен басталды. 100-ге жуық партия мүшесі таңсәріден саябаққа келіп, маңайды күл-қоқыстан тазартуға атсалысты.